Accessibility links

Иранда Экономикалық әріптестік ұйымы саммиті болады


Түркия президенті Абдулла Гүл, Ауғанстан президенті Хамид Қарзай мен Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари наурыздың 11-не белгіленген, Иранда болатын Экономикалық әріптестік ұйымы саммитіне қатысады. Ол үш президент саммит қарсаңында Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесетін болады. Иран, Пәкістан, Түркия елдері 1985 жылы осы ұйымды құрған болатын. Хабарларға қарағанда, Гүл мырза саммит барысында АҚШ президенті Барак Обаманың жолдауын Ахмадинежадқа жеткізбекші.

Зардари сонымен бірге кездесу кезінде Иран газын Пәкістан мен Үндістанға жеткізетін 2600 шақырымдық газ құбыры мәселесін де ақылдаспақшы.

Қарзай мен Зардари осы саммит қарсаңында Иран елін Ауғанстанды қайта қалпына келтіруге атсалысуға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG