Accessibility links

Істі болған екі вице-министрдің бірі абақтыда, екіншісі – үйқамақта отыр


Қоршаған ортаны қорғау министрінің екі орынбасары – Әлжан Бралиев пен Зейнолла Сәрсембаевқа қызмет бабын теріс пайдаланып, мемлекет қаржысынан 522,8 млн теңгені талан-таражға салған деген күдікпен қылмыстық іс қозғалып, айып тағылып отыр. Бұл туралы сәрсенбі күні Астанада өткен баспасөз маслихатында Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді.

«Сот шешімімен Ә.Брәлиев қамауға алынды, ал З.Сәрсембаев, денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты, үйқамақта отыр», - деп хабарлады қаржы полициясының өкілі.

Ал, ҚазТАГ ақпарат агенттігі істі болған екі вице-министрдің жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты олар қызмет атқарған министрліктен ешкім растай алмай отырғаны туралы ақпарат таратты сәрсенбі күні.
XS
SM
MD
LG