Accessibility links

Шығыс Қазақстанда тұрғындар боран кесірінен электр қуатынсыз қалды


Қатты желдің салдарынан Шығыс Қазақстан облысының бірнеше елдімекенінде - Үржар ауданындағы Жарбұлақ пен Мақаншы ауылдары, Жарма ауданындағы Терентьевка, Қор-Шар, Орынбай, Бірлік, Георгиевка ауылдары, Жарма кенті, Үшбиік ауылы, Аягөз ауданындағы Байқошқар, Ұлан ауданындағы Шымқора, Өскемен қаласының 23-ші шағынауданында – барлығы бес мыңнан астам тұтынушы бейсенбінің кешінен жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі.

Ауа-райын болжаушылар боранның жұма күні де жалғасатынын ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG