Accessibility links

Алматы әуежайы жердегі қызмет көрсету бағасын қымбаттатпақшы


Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігі жаңадан салынған ұшып-қону алаңының іске қосылуын алға тартып, жобаны алдағы бес жылдың ішінде ақтау үшін ұшақтарға жерде қызмет көрсету бағасын көтеретінін мәлімдеді. Жобаға жұмсаған өз қаржысынан бөлек қарызға алынған 50 млн долларды әуежай 2011 жылдың соңына дейін қайтаруы тиіс.

Халықаралық әуежай тиісті өтінішін қазір Табиғи монополияны реттеу агенттігіне тапсырып қойды. Оған жауап наурыздың 23-іне дейін берілуі тиіс.

Бұл жаңалықтан кейін Air Astana және «Трансаэро» әуе компаниялары да жолаушыларға сатылатын билет бағасын қымбаттатуға мәжбүр болатындарын ескертті.
XS
SM
MD
LG