Accessibility links

G20 тобының министрлері экономиканы жақсартуға келісті


Әлемдегі экономикасы дамыған 20 елдің қаржы министрлері қазіргі дағдарыс барысында даму бағытында тұрақты түрде әрекет етуге уәде етті. Бұл туралы Англияның оңтүстігіндегі Хоршам қаласында өткен жиыннан кейін мәлім болды.

Британия қаржы министрі Алистэр Дарлингтің айтуынша, 20 елден құрылған топ экономиканы қайта қалпына келтіруге бағытталған кез келген қажетті шараларды қолға алуға келіскен. Экономикасы дамыған 20 мемлекеттің басшылары сәуір айында саммит өткізбек.
XS
SM
MD
LG