Accessibility links

Поляктар Беларусь билігінің тыйымын менсінбеді


Беларустегі этникалық поляктардың ұйымы Беларусь билігінің тыйымына қарамастан жиын өткізуде. Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Поляктар одағы соңғы төрт жылда алғашқы рет жексенбі күні кездескен.

Поляктар одағының бейбіт жағдайда басталған жиынына 174 делегаттың 158-і қатысқан. Жиын болып жатқан жерге көптеген полиция қызметкерлері орналастырылды. 2005 жылы штаб-пәтерінен айырылған бұл топқа Беларусте тыйым салынған болатын.
XS
SM
MD
LG