Accessibility links

Ирақ, Иран шекарасы қайта анықталмақшы


Ирақ пен Иранға ортақ, 1200 шақырымдық шекараны белгілеу үшін қос елдің өкілдері қамтылған арнайы комиссия құрылды. Кәсіби мамандар қатысатын бұл топ таяу арада өз жұмыстарына кіріспекші. Аталған топ 1913 жылы тараптар арасында қол жеткізілген келісімге сай ортақ шекараны қайта анықтап, оларға тиісті белгілерді орнатып шықпақшы.

Ирақ Сыртқы істер министрі орынбасары Мұхаммед Хажы Хаммудтың айтуынша, бұл техникалық топтың шешуі тиіс аса сезімтал сауалдарының бірі-Шатт әл-Араб атты су жолының қос елге тиесілі тұстарын анықтау. Себебі табиғи құбылыстарға байланысты ол өзінің бағытын өзгерткен болатын.

Осы Шатт әл-Арабқа байланысты басталған дау 1980 жылдары 8 жылдық Ирақ-Иран соғысына алып барған болатын.

XS
SM
MD
LG