Accessibility links

Кәсіпкерлер шағын бизнес саласын 3 жылға салықтан босатуды сұрайды


Қазақстандық кәсіпкерлер дағдарыс кезінде елдегі шағын бизнес нысандарын зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерден өзге салықтың барлық түрінен үш жыл мерзімге бостауды сұрап, бүгін Алматыда президент пен үкіметке ашық үндеу жасады.

Олар сондай-ақ, бұған дейін алынған несиелердің деңгейін азайтуды немесе барлық кәсіпкерлер үшін несиені төлеу мерзіміне үзіліс жариялауды сұрап отыр.

«Бұл шаралар шағын және орта бизнесті сақтап қалуға және сауда саласында еңбек ектіп жатқан тұрғындардың әлеуметтік наразылығын бәсеңдетуге мүмкіндік берген болар еді», - деді сауда және қызмет көрсету салаларының кәсіпорындары кәсіподағының төрайымы Жібек Әжібаева.

Үндеуге сауда және қызмет көрсету салалары ассоциациясы мен «Атамекен» кәсіпкерлер одағының мүшелері қол қойған.
XS
SM
MD
LG