Accessibility links

«Алма-Ата Инфо» газетінің соты өтуде


Бүгін Алматы қалалық сотында «Алма-Ата Инфо» газеті құрылтайшысының апелляциялық шағымын қарау бойынша сот отырысы өтуде. Бұдан бұрын 10 ақпан күні Алматы қаласының арнаулы ауданаралық экономикалық соты Медеу аудандық прокурорының шағымын қарап, оны бір айға тоқтатқан болатын. Алғашқы инстанциядағы сот та басылымның Жамбыл облыстық ҰҚК департаментіне қарсы шағымын қанағаттандырудан бас тартқан еді.

Осыған орай «Алма-Ата Инфо» газетінің редакциясы Қазақстан және дүниежүзі жұртшылығына ҰҚК-нің қызметтік хаттарын жариялады деген себеппен басылымның бас редакторы Рамазан Есіркеповті жауапкершілікке тартып отырған сот ісінің ашық болу тиістігін айтып, үндеу жариялады.
XS
SM
MD
LG