Бүгін Алматы қалалық сотында «Алма-Ата Инфо» газеті құрылтайшысының апелляциялық шағымын қарау бойынша алқа отырысы өтті, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Алқа отырысының шешімі алғашқы қалалық арнаулы ауданаралық экономикалық соттың шешімін өзгертусіз қалдырды. Бүгінгі алқа отырысына басылым өкілдері өздерімен бірге сот-филологиялық сараптаманың қорытындысын да ала келіпті. Онда «мақалада ешқандай құпиялылық жария етілмеген», — деп көрсетілген.
«Алайда, бұл құжаттарға да қарамастан, алдыңғы инстанцияның шешімі сол қалпы қалды. Біз бұл істі керек болса Жоғарғы сотқа дейін апарамыз», — деді басылымның өкілі Владимир Воевод.