Accessibility links

Сенатор мемлекетаралық келісімдерге тексеру жасауды ұсынды


Сенатор Ғани Қасымов Қазақстанның 1998 жылдан бері қабылдаған мемлекетаралық келісімдерінің бәріне тексеру жүргізуді ұсынды.

«Кейбір келісімдер шығынға ұшыратады, қай тұста біздің мүддеміз қорғалуда, біз одан хабарсызбыз, сондықтан өзіміз қол қойып отырған келімдердің бәрінен депутаттар хабардар болуымыз керек», — деді сенатор Парламент сенатының кезекті отырысында.

Өз кезегінде бұл ұсынысты қолдаған спикер Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сенатор Қасымовтың кешенді сараптауды қажет ететін бұл ұсынысын қолдау керек, тиісті ведомстволар да мұны қолдайды деп сенемін», — деді.
XS
SM
MD
LG