Accessibility links

Қырғызстан президенттік сайлауды қазан айында өткізеді


Бүгін Қырғызстанның Конституциялық соты елде президенттік сайлау қазан айында өтетін болады деп бекітті.
Сот төрайымы Светлана Сыдықованың айтуынша, сайлаудың күнін парламент белгілейтін болады, бірақ президенттік сайлау 2009 жылдың 25-ші қазанына дейін өтуі тиіс.
Қырғызстанда соңғы президенттік сайлау 2005 жылы шілдеде өткен болатын. Президент Құрманбек Бакиев сайлауға тағы түсуді жоспарлап отыр.
Ол 2007 жылы қабылданған жаңа конституцияға президенттер екі мерзім қатарынан сайлана алады деген бапты енгіздіріп қойған.
XS
SM
MD
LG