Accessibility links

Иранның бірінші жерсерігі миссиясын аяқтады деп айтылды


Бүгін Иранның мемлекеттің теледидары өткен айда орбитаға жіберілген елдің алғашқы жерсерігі миссиясын аяқтады деп хабарлады. Онда Иранның ғарыш мәселесі жөніндегі сарапшысы Асгар Ебрахими Ислам революциясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенде ұшырылған жерсерігі өзінің миссиясын толығымен орындады, бірақ әлі де жерге оралғанша 38 күн сонда қалады деп айтты.
Иранның "Үміт" жерсерігі ұшырылғаннан кейін халықаралық қауымдастық әскери мақсатқа қолданылуы мүмкін деп Теһранның мұндай технологиялық дамуларына қатысты алаңдаушылық танытқан болатын.
Иран өзінің ғарыштық бағдарламасының әскери мақсаты бар дегенді жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG