Accessibility links

Жұма күнгі шайқаста 10 ауған азаматы қаза тапты


Ауған полициясының мәлімдеуінше, жұма күні елдің солтүстігінде Талибан бүлікшілерімен шайқаста 9 полиция қызметкері мен аудан басшысы қаза болған. Франс-Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жергілікті полиция басшысы Халил Аминзада қақтығыс Түркменстан шекарасына жақын Жаузжан өлкесінде орын алды деген. Талибан елдің солтүстігінде аса белсенділік танытпаған болатын.
XS
SM
MD
LG