Accessibility links

Ресми Теһран АҚШ-қа қатысты саясатын сараптамақшы


Иранның рухани көсемінің айтуынша, егер ресми Вашингтон Иранға қатысты көзқарасын өзгертетін болса, онда ресми Теһранның да АҚШ-қа қатысты саясатын өзгертеді. Дей тұрғанмен, Аятолла Әли Хаменей АҚШ президенті Барак Обаманың аталған Ислам республикасына бағыттап айтқан бейнетаспадағы жолдауына қарамастан, Вашингтон тарапынан ондай өзгерістерді көрмей тұрғанын да айтып өтті.

Обама бейсенбі күнгі ол жолдауында Иран елін Наурыз мерекесімен құттықтап, қос ел байланыстарындағы бейбітшілікке негізделген жаңа қарым-қатынастарға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG