Accessibility links

Израильдің жаңа үкіметін Б.Нетаньяху жасақтау үстінде


Израильде ШАС діни партиясы келешек коалициялық үкіметті жасақтауға қатысу туралы “Ликуд” партиясымен келісімге келді. ШАС партиясы – “Ликудтың” көсемі Биньямин Нетаньяху жасақтап жатқан жаңа үкіметтің құрамына кіруге келіскен екінші саяси партия. Одан бұрын “Біздің үйіміз Израиль” атты партия жаңа үкіметке кіретінін жариялаған болатын.
Б.Нетаньяху коалициялық үкіметке Кнессетегі 120 депутаттың 53-нің қатысуын қамтамасыз етті. 3 сәуір күні жаңа үкіметті жасақтау мерзімі аяқталады. Ақпан айындағы парламент сайлауының қорытындысы бойынша жаңа коалициялық үкіметті жасақтап, басқаруды “Ликуд” партиясының көсеміне Израиль президенті Шимон Перес жүктеді.
XS
SM
MD
LG