Accessibility links

Ақ үй Ауғанстандағы жаңа стратегиясын НАТО-мен пысықтайды


Бүгін АҚШ-тың ресми өкілі Ауғанстандағы жаңа стратегиясын пысықтау үшін НАТО-ның Бас хатшысымен кездесті. Ақ үйдің Ауғанстан және Пәкістан бойынша арнаулы өкілі Ричард Холбрук НАТО-ға мүше 26 елдің өкілдерін жаңа стратегиямен таныстырудан бұрын НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен жүздесті.
Оның қарсаңында АҚШ президенті Барак Обама таяуда өз әкімшілігі Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиясын жариялайды деп мәлімдеді. ВВС агенттігі хабарлағандай, өз кезегінде Р.Холбрук бұдан былай Вашингтон Ауғанстан мен Пәкістанға қатысты сыртқы саясаттың дербес екі бағытын ұстанбайды, екі бағыт біріктіріледі деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG