Accessibility links

Брюссель: Украина газ жүйесінің реформасын 2011 жылы аяқтайды


Бүгін Еуропа Одағы мен Украинаның басшылары Брюссельде Украинаның газ тасымалдау жүйесін реформалау ісінде өзара ынтымақтасуға келісті. Бұл келісімге тараптар Украинаның газ тасымалдау жүйесін жетілдіруге инвестиция тарту проблемасына арналған халықаралық конференцияда қол жетті.
Форумға ЕуроОдақтың барлық 27 мүшесі, Ресей, АҚШ, Канада және Жапония өкілдері қатысып, Украина өзінің газ тасымалдау жүйесін халықаралық инвестицияға қалай реформалауға тиіс деген мәселесін талқылады. Бірлескен мәлімдемеге сәйкес, Киев өзінің газ тасымалдау жүйесін 2011 жылдың соңына қарай реформалап болуға тиіс.
XS
SM
MD
LG