Пәкістанның астанасы Исламабадта үлкен жарылыс болғаны туралы хабар жетті. Бастапқы хабарларда, оның ішінде “Рейтер” агенттігінің хабарында жарылыстың полиция бөлімінің маңында болғаны туралы айтылды. Жергілікті полиция мен куәгерлердің мәлімдеулеріне қарағанда, жанпидашыл-террорист іске асырған жарылыстан құрбан болғандар бар сияқты. Жаңа қастандық әрекет туралы әзірше басқа мәлімет жоқ.