Accessibility links

Ресей ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қарастыруда


Ресейдің президенттік қауіпсіздік кеңесі елдің 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді экономикалық және саяси мақсаттарды жоспарлайтын жаңа ұлттық стратегиясын жасау қажеттігі туралы талқылады.
Президент Дмитрий Медведевтің айтуынша, ұзақ мерзімді жоспарлау Ресейдің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін күшейтуге көмектеседі. Медведев бұл отырыста елдегі қаржы дағдарысына қарамастан, ұзақ мерзімді жоспарлауды жасау керек деді. Оның сөзіне қарағанда, бұл құжат әлеуметтік-экономикалық мәселелер, қорғаныс және ғаламдық істермен байланысты болады.
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев отырыстан кейін айтқанында, бұл құжатты дайындауға шамамен бір ай кетеді деп айтты. Одан кейін ол стратегиялық құжат қоғамға таныстырылады.
XS
SM
MD
LG