Accessibility links

Ресей өз әскерін Шешенстаннан шығаруды ойластыруда


Осылайша 10 жылдай уақытқа созылған әскери саясат аяқталатын түрі бар. Бұл жөнінде белгісіз боп қалуды қалаған Кремль өкілі Франс пресс агенттігіне хабарлады. Шешенстан президенті Рамзан Кадыров болса, бұл елге салынған тиымдарды алып тастау туралы қарарды Кремлдің қабылдайтынын сейсенбі күні мәлімдеген болатын.

Шешенстандағы лаңкестікке қарсы шаралар қарары Борис Ельциннің президенттігі кезінде, 1999 жылы қабылданған болатын.
XS
SM
MD
LG