Accessibility links

Азаттықтың жаңа ғимаратындағы алғашқы мәжілісті Вацлав Гавел өткізеді


Бүгін Азат Еуропа / Азаттық радиосының жаңа ғимаратында директорлар кеңесінің алғашқы мәжілісін Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел ашады. Бұрынғы диссидент, драматург Вацлав Гавел 1995 жылы президент болып тұрған кезінде Азаттық радиосының Мюнхеннен Прагаға көшуіне ықпал еткен болатын. Сөйтіп Праганың орталығында орналасқан бұрынғы Чехословакия парламентінің ғимараты Азаттық радиосына берілген болатын. Енді Азат Еуропа / Азаттық радиосы өзіне арнайы салынған жаңа ғимаратқа көшіп жатыр.
XS
SM
MD
LG