Accessibility links

Н.Назарбаев пен Д.Медведев телефонмен сөйлесті


Тағы да мемлекет басшысының баспасөз-қызметі хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаев сонымен бірге Ресей президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы пікір алмасты.
Қазақстан мен Ресей лидерлері екі көрші елдің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының немесе “жол картасының” орындалу барысын талқылады. Сондай-ақ дағдарысқа қарсы іс-шаралар бойынша пікір бөлісті. Н.Назарбаев пен Д.Медведев 2 сәуір күні Лондонда өтетін ірі 20 мемлекет басшылары саммитінің күн тәртібіне қатысты мәселелерді сөз етті.
XS
SM
MD
LG