Accessibility links

АҚШ Пәкістанға деген көмегін кеңейтуі мүмкін


АҚШ қарулы күштерінің бас шенеунегі мәлімдегендей, АҚШ-тың мәліметі бойынша, Пәкістанның барлау қызметінің өкілдері Әл-Қаида мен Талибан қозғалысының жасақтарына көмек беруін әлі доғарған жоқ.
Американың Си-Эн-Эн телеарнасынан сөйлеген сөзінде штаб бастықтарының бірлескен комитетінің төрағасы, теңіз адмиралы Майк Маллен Пәкістанның барлау қызметін Пәкістанның Ауғанстанмен арадағы батыс шекарасына және Үндістанмен арадағы шығыс шекарасына шоғарланған содырларға деген көзқарасын “түбегейлі” өзгертуге шақырды.
Өткен жұма күні АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстандағы соғыстың жаңа стратегиясын жариялады. Құжатта Әл-Қаида мен Талибанға қарсы күреске белсенді атсалысқан жағдайда АҚШ-тың Пәкістанға деген көмегін кеңейту мүмкіндігі қарастырылған.
XS
SM
MD
LG