Accessibility links

Б.Обама энергетика мен ауа райына арналған форумға шақырады


АҚШ президенті Барак Обама сәуір айының соңына қарай Вашингтонда энергетика мен ғаламдық ауа райының құбылу проблемасына арналған халықаралық экономикалық форум өткізетін жоспарын жариялады. Ақ үйдің хабарлауынша, экономика тұрғысынан ең ықпалды деген 16 елдің басшыларына сәуірдің 27-28-інде Америка астанасында өтетін форумға шақыру жіберілді.
Өзара кеңесудің басты мақсаты – ғаламдық атмосфераны ластайтын улы заттарды азайту мәселесінде ортақ келісімге келу болмақшы.
Жексенбі күні Германияның Бонн қаласында 190 елдің өкілдері ғаламдық ауа райының құбылуына себеп болатын улы газдарды қадағалайтын халықаралық құжатты пысықтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG