Accessibility links

Текебаев Қырғызстанның президенттік сайлау жарысына түспейді


Қырғызстанның ірі оппозициялық тұлғасы Өмірбек Текебаев шілдедегі президенттік сайлауға үміткер боп қатыспайтынын мәлімдеді. Текебаевтің Ата мекен партиясы өз қатарынан бір ғана үміткерді ұсынатындығын хабарлап отыр. Осылайша қазіргі президент Құрманбек Бакивеке қарсы оппозиция өкілінің мүмкіндігін арттыру көзделуде. Алайда Текебаевтің үміткерліктен не себепті бас тартқанын айта қойған жоқ. Заңсыз қару сақтады деген айыппен Текебаев осы жылы түрмеге жабылған болатын. Кейінірек ол айып алынып тасталған еді. Алайда оның жақтастарының айтуынша, Текебаевқа қатысты саяси астары бар тексерулер одан әрі жалғасуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG