Accessibility links

Пхеньян егер зымыранына кедергі жасалса, кек қайтаратынын айтуда


Солтүстік Кореяның әскерилері алдағы күндері ұшырылады деп жоспарланып отырған зымыранына тіпті сәл де болса кедергі жасалса, оған тезарада қарсы жауап қайтарылатынын ескертіп отыр. Солтүстік Корея ресмилері бұл жерде Жапония, Құрама Штаттар және Оңтүстік Корея елдерін меңзеп отыр деп кореялық ақпарат агенттігі жазып отыр.

Солтүстік Корея сәуірдің 4-і мен 8-і аралығында орбитаға өзінің жерсерігін жіберетіні туралы айтқан. Бірақ Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея бұл ұшырылатын жерсерігінің артында ұзақ қашықтықтағы зымыран сынағы тұр деген.

Си-Эн-Эн теледидары хабарлағандай, Солтүстік Корея ол зымыранын дайындауды бастаған.
XS
SM
MD
LG