Accessibility links

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан темір жолының» қызметкерлерін 15 пайызға қысқартпақ


«Самұрық -Қазына» холдингі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының орталық аппаратының құрамы мен еншілес кәсіпорындарындағы қызметкерлер санын 15 пайызға қысқартуға шешім қабылдады, —деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

2 сәуір күні «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының президенті Асқар Мамин аппарат отырысында ұлттық компанияның орталық аппараты құрамы мен еншілес кәсіпорындарындағы қызметкерлер санын 15 пайызға, лауазымдық жалақыларын орташа есеппен 30 пайызға қысқарту жөніндегі «Самұрық –Қазына» холдингінің шешімін жариялады. Ұлттық компаниядағы штаттық құрамды қысқарту жайының өндірістегі инженерлік-техникалық қызметкерлерге қатысы болмайды.

«Аталмыш мәселемен құрылымды оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобы айналысады. Ұлттық компания басшысы құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне қысқартуға ұшыраған қызметкерлерді басқа жұмысқа орналастыру туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, әкімшілік іссапарлар шығындары қысқартылып, сыйақылар мен бонустар беру тоқтатылады», — делінген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.
XS
SM
MD
LG