Accessibility links

Обама:Солтүстік Кореяның зымыран ұшыру жоспары арандатушылық сипатта


Солтүстік Корея зымыран ұшырудың соңғы әзірліктерін жүргізуіп жатқан тұста АҚШ президенті Барак Обама бұл әрекеттерін тоқтатуларына оларды шақырды. Екі күндік НАТО саммитіне қатысуы барысында білдірген пікірінде Обама ресми Пхеньянның бұл әрекетін арандатушылық сипатта деді.

Ресми Пхеньян байланыс сателлитін ғарышқа шығаратын зымырандар сәуірдің 4-8 аралығында ұшырылады деген болатын.

Оңтүстік Корея мен Жапонияның айтуынша, бұл ұшырудың қалқасында ұзақ қашықтыққа арналған зымыранға сынақ өткізілмекші. Егер ресми Пхеньян осы зымыран ұшыруын орындаса, онда оған жауап беруді ақылдасу үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын шақыру жөнінде ресми Токио ұсыныс жасады.
XS
SM
MD
LG