Accessibility links

Қазақстан Обаманы шақырды


ҚР Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Барак Обамамен Стамбулда өткен «Өркениеттер альянсындағы» әңгіме барысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың оны «өзіне ыңғайлы уақытта» Қазақстанға келуге шақырғанын жеткізді, — деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Сенат төрағасы Барак Обаманы мемлекет басшысының Қазақстан аумағында МАГАТЭ халықаралық агенттігінің бақылауымен бейбіт бағдарламаға пайдалану үшін ядролық отын банкін орналастыру дайындығына қатысты мәлімдемесінен хабардар етті.

Қазақстанмен байланыстың стратегиялық сипаты барын атап көрсеткен Барак Обама өз жоспарындағы Орталық Азия саяхаты барысында «АҚШ-тың досы әрі сенімді серіктесі» Қазақстанға бірінші кезекте келетінін айтты.
XS
SM
MD
LG