Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін түстен кейін Алматыға ұшып келеді, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Алматыға бірнеше күндік сапармен келе жатқан мемлекет басшысы ертең республиканың өнер және мәдениет қайраткерлерімен кездеседі. Сондай-ақ Н.Назарбаев Абай атындағы опера және балет театры мен М.Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театрының ұжымдарын 75 жылдық мерейтойларымен құттықтап, бірнеше әртістерге пәтер кілтін тапсырмақ.

Алматы сапары барысында мемлекет басшысы өз резиденциясында Ұлттық банктің есебін тыңдайды. Сонымен бірге ол бизнес өкілдерімен кездесулер өткізіп, қаладағы бірнеше нысанды аралап көрмек.
XS
SM
MD
LG