Бүгін Алмалы аудандық сотында оппозиция жетекшілеріне қатысты жаңа сот отырысы болады, сот төрешісінің жаңадан тағайындалуына байланысты өтетін бұл процесті Алмалы аудандық сотының төрағасы Арман Шамшиев жүргізеді, — деп хабарлады Азаттық радиосына адвокат Сәлімжан Мусин.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов, «Шаңырақ» қозғалысының жетекшісі Асылбек Қожахметов пен Коммунистік партияның хатшысы Төлен Тоқтасыновтарға Қазақстан үкіметі «қылмысты бүркемеледі», біреулерге Украинадан саяси босқын мәртебесін алып беруге көмектесті деген айып тағып отыр.