Accessibility links

Қазақстан президенті осы айда Қытайға барады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы айда Қытайға ресми сапармен барады. Францияның AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы Қытай елшісі президент Назарбаев сәуірдің 17-і мен 19-ы аралығына жоспарланған ол сапарында аймақтық экономикалық саммитке қатысады деп айтып отыр.
Сонымен қатар Қазақстан басшысы Қытай президенті Ху Дзиньтаомен ынтымақтастық мәселелеріне қатысты келісімдерге қол қояды деп күтілуде.
Назарбаевтың бұл сапары Қазақстан экономикалық дағдарысқа тап болып отырған кезде болмақшы.
XS
SM
MD
LG