Accessibility links

Шерушілер Саакашвилидің биліктен кетуін талап етуде


Грузия астанасы Тбилисиде он мыңдаған адам шеруге шығып, президент Михаил Саакашвилидің биліктен кетуін талап етті. Президент 2003 жылы "раушан" төңкерісінен кейін берген уәдесін орындамай, билікті өз қолына жинап отыр деген олар Саакашвилиді айыптап отыр. Және олар ереуілдерін Саакашвили президенттіктен кеткенше жалғастыратындарын ескертуде. Хабарларға қарағанда, шеруге 60 мыңдай адам жиналған.
Грузия билігі 2007 жылы қарашада бірқатар көтерілістерді басып тастаған соң, елде кезектен тыс сайлаулар өткізуге шақырып, екі айдан кейін ол сайлауда Саакашвили жеңіске жеткен болатын.
XS
SM
MD
LG