Accessibility links

Иран "конструктивті диалогқа" әзір екенін айтты


Иран әлемнің алпауыт елдерімен “конструктивті ынтымақтастық” негізіндегі диалог өткізуді қолдайды. Иранның ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Саид Жалили ЕуроОдақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Соланаға осылай деп мәлімдеді. Иран мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Жалили бұл мәлімдемесін Соланамен телефон арқылы сөйлескен кезінде жасаған.

Өткен аптада әлемнің алпауыт елдері – АҚШ, Британия, Германия, Франция, Қытай, Ресей – Иранмен тікелей келіссөз өткізуді ұсынды. Бұл келіссөздер Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дауды шешуге бағытталып отыр. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді, бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып, ядролық бағдарламамыз тек бейбіт мақсатты ғана көздейді деп отыр.

Өткен аптада президент Махмуд Ахмадинежад Иран келіссөздерге ашық бірақ ол үшін әлемнің алпауыт елдері Теһранның құқықтарын құрметтеуі тиіс деген болатын.

Жалилидің атап көрсетуінше, Иран халықаралық қауымдастықтың шақыруларына таяу арада ресми түрде жауап беретін болады.

AzattyqTV

Қазақ-өзбек шекарасы

Достық тұрғындарының шағымы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG