Тәжікстанның Орталық банкі тәуелсіз аудит қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, банктің бұрынғы төрағасы ірі көлемдегі қоғамдық қаржыны өз отбасының компаниясына аударған. Бухгалтерлік операцияларды халықаралық Ernst & Young фирмасы тексерген болатын. Бұл аудитке қарағанда, Муродали Алимардонов басшылығы кезінде Орталық банк оның Ценрт-Инвест компаниясына 850 миллион доллардан көп ақша жіберген. Бұл қаржы қайда жұмсалғандығы белгісіз. Алимардонов өткен жылы Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.