Accessibility links

ҚР СІМ қазақстандықтарға Таиландқа баруды тоқтата тұруға кеңес берді


ҚР СІМ Қазақстан азаматтарына Таиланд еліне төтенше жағдай жарияланған мерзімде сапарлаудан бас тарта тұруды нұсқайды, — деп хабарлады бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров.

І. Омаровтың айтуынша, «осы жылдың 12 сәуірінде Таиланд Корольдігінде ел астанасы Бангкок пен оған жақын орналасқан бес провинцияда төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдайдың енгізілуіне осы елде биылғы жылдың наурыз айынан бері жалғасып жатқан үкіметке қарсы ауқымды ереуілдер себеп болуда».
XS
SM
MD
LG