Accessibility links

Қаржы полициясы Астана тұрғын үй басқармасының бастығы мен бірнеше адамды ұстады


ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің қызметкерлері (қаржы полициясы) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында қызмет бабын асыра пайдаланды және 25, 6 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен Астана тұрғын үй басқармасының бастығы Е. Қабылдинді, «Квартирное бюро» АҚ-ның жетекшісі Е. Түктібаевті және жеке кәсіпкер А. Жаныбаевты ұстады, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Қаржы полициясы баспасөз қызметінің жетекшісі Дәмежан Есембекованың айтуынша, күдіктілер қазір Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалған, әзірге оларға ресми түрде ешқандай айып тағылмаған.
XS
SM
MD
LG