Accessibility links

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары болып Бауыржан Айтқазин тағайындалды.

Бүгін төрағаның жаңа орынбасарын «Қазақстан» РТРК АҚ ұжымына мәдениет және ақпарат вице-министрі Бағлан Майлыбаев таныстырды.

Бауыржан Айтқазин бұған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
XS
SM
MD
LG