Accessibility links

Г.Марченко: Теңгенің бағамы екінші жарты жылдықта нығаяды


ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко 2009 жылдың екінші жартысында ұлттық валюта - теңгенің бағамы нығаяды деп болжайды.

«Соңғы бірнеше күнде біз теңге бағамын нығайту үшін валюта сатып алудамыз. Бұл процесс өте тез жүрмес үшін долларды аздап сатып алып отырмыз. Ревальвация бұл айда да болады деп ойлаймын. Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының бағасына қарағанда екінші жарты жылдықта теңгенің нығаю мүмкіндігі зор», — деді Григорий Марченко.
XS
SM
MD
LG