Accessibility links

Жапонияда дипломаттар арасындағы шешендік жарыста қазақстандық жеңді


Токиода орналасқан Елшіліктер дипломаттары арасында өткен 12-ші жапон тілі бойынша шешендік сайысында Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің екінші хатшысы Батырхан Құрмансейіт жеңіске жетіп, басты жүлде болып саналатын Жапония Сыртқы істер министрінің кубогына ие болды. Аталмыш жеңіс бұндай жоғары дәрежелі сайыстағы қазақстандық дипломаттардың алғашқы үлкен жетістігі болып отыр.
Б.Құрмансейіт АҚШ, Қытай, Ресей, Сингапур, Оңтүстік Корея сияқты 19 мемлекеттен қатысқан бақталастары арасындағы қатаң бәсекелестікте жеңіске жетіп, жапон тілін жетік білетінін, сондай-ақ күн шығыс елі халқының мәдениеті мен психологиясын терең меңгергенін дәлелдеді.
Қазылар алқасын таңғалдырған қазақстандық дипломатқа жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары да назар аударып, сайыс нәтижелері туралы жергілікті БАҚ беттерінде жарияланды.

Жапония Сыртқы істер министрінің кубогы 2010 жылға дейін Қазақстанның Токиодағы елшілігінде сақталады.
XS
SM
MD
LG