Accessibility links

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығына қатысты жаңа деректер әшкереленді


Қаржы полициясы Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Темірлан Кәрібековтің қызмет бабын асыра пайдалануына қатысты жаңа деректерді әшкереледі, — деп мәлім етті ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Ресми өкілдің айтуынша, 2009 жылы тендер өткізілмей-ақ Астана қалалық онкологиялық диспансеріне 31 млн теңгенің медициналық жабдығы жеткізілген, қазір бұл дерек бойынша тергеу алдындағы тексерудің толықтығын қамтамасыз ету үшін сараптама жүргізілуде, яғни, шығын көлемі тағы нақтылануы мүмкін.

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Темірлан Кәрібековке мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында мемлекетке 10 млн-нан астам теңгенің шығынын келтірді деген айып тағылып, ағымдағы жылдың 28 наурызында сот оны үй қамауына алуға санкция берген еді.
XS
SM
MD
LG