Accessibility links

Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы – жоғарғы дивизионда!


Бүгін Литваның астанасы – Вильнюсте шайбалы хоккейден бірінші дивизионда ойнайтын ұлттық құрама командалардың арасындағы әлем біріншілігінің кезекті кездесуі аяқталды. Вильнюстен Азаттық радиосына телефон арқылы Қазақстанның хоккей федерациясының Бас директоры Юрий Зверев хабарлағандай, ақтық сында Қазақстанның ұлттық құрамасы Словения командасымен өте тартысты өткен кездесуде 2 : 1 есебімен жеңіп, жоғарғы дивизионға берілетін жалғыз жолдамаға ие болды
11-17 сәуір аралығындағы Әлем біріншілігінде қазақ хоккейшілері барлық кездесуін жеңіспен аяқтады. Оның ішінде алаң иесі Литва құрамасын 5 : 1 (11 сәуір), Хорватияны – 5 :1 (12 сәуір), Жапония командасын 3 : 1 (15 сәуір), Австралия хоккейшілерін ойсырата 13 : 2 есебімен жерге тізе бүктірген болатын.
XS
SM
MD
LG