Accessibility links

К.Мәсімов: Ипотекаларды қайта қаржыландырушы банктердің жұмысына көңіл толмайды


Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырушы банктердің жұмысы Қазақстан үкіметінің көңілін көншітпей отыр. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

«Банктер бір апта Келімбетовпен бірге жұмыстарын дәйектесін. Шағын және орта бизнеске бөлінген қаражат секілді, жұмыс істеуге құлқы жоқ банктерді бұл салада да жазалайық. Біз айтқан қолмен басқару деген осы», — деді Кәрім Мәсімов.

«Біз өткен аптада барлық банктер бойынша 4,5 млрд теңге көлемінде қайта қаржыландырылды деп есеп бергенбіз. Осы аптада оның көлемі екі еседен аса артып, 10 млрд 347 млн теңге болды. Бірақ бәрібір кейбір банктер ешқандай қарқын көрсете алмай отыр. «Темірбанк» баяу қимылдап отыр, кaspi bankке 3 млрд теңге бөлінген, 1,6 млрд теңгеге өтінім түсіп, небәрі 137 млн теңге бөлінді. Нәтиже осындай. Расын айтқанда, не деуді білмей отырмын, қатаң көзқарас ұстанған жөн шығар. «Нұрбанк» сұрап отыр екен, ақшаны алып, соларға беру керек», — деді үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев.
XS
SM
MD
LG