Accessibility links

Иран АҚШ-ты журналист Саберидің ісін саясаттандырмауға шақырды


Иран Вашингтонды журналист Роксана Саберидің ісін саясаттандырмауға шақырды. Иран-американдық журналист Сабери АҚШ-тың тыңшысы болды деп айыпталып, 8 жылға түрмеге жабылды. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хассан Қашқавидің мәлімдеуінше, соттың шешіміне шағымдануына Саберидің құқығы бар бірақ АҚШ Иран сотының шешімі мен тәуелсіздігін құрметтеуі тиіс.
АҚШ президенті Барак Обама Саберидің тағдырына байланысты алаңдаушылық білдірді. Оның тыңшы емес екендігіне сенімдімін деп атап көрсетті Обама.
XS
SM
MD
LG