Accessibility links

Ресей Қырғызстанда қосымша әскери ұшақтарын орналастырмақшы


Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бас хатшысының хабарлауынша, Мәскеу Қырғызстандағы әуе базасында әскери ұшақтарының санын көбейтпекші. Бұл туралы Николай Бордюжа Қырғызстанға сапары барысында мәлімдеді. Бірақ ол Бішкектің сыртындағы Қант базасында Ресейдің нақты қанша әскери ұшақ орналастыруды жоспарлап отырғанын айтпады.

АҚШ-тың Манас әуе базасына жақын жерде орналасқан Қант базасында шамамен 500 сарбаз бар.

Ақпан айында Қырғызстан Вашингтонға Манас әуе базасын жабу үшін 6 ай уақыт берген болатын. Манас базасы Ауғанстандағы АҚШ күштерін азық-түлікпен және жабдықтармен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарды.
XS
SM
MD
LG