Accessibility links

Денсаулық сақтау министрлігі түзеу мекемелеріне арнайы орталықтар құруды ұсынады


Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі түзеу мекемелеріне ине мен шприцтер ауыстыру орталықтарын енгізуді қолдайды.

«Біз шприцтер ауыстыру орталықтарын құрғымыз келеді, әлемнің көптеген елдерінде осындай пункттер жұмыс істейді. Мұның профилактикалық маңызы бар, әйтпесе не болып жатқанын көріп отырсыздар ғой. Түзеу мекемелерінің басшылары бұл ұсынысты қолдап отыр», — деді денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Анатолий Белоног.

Осыған байланысты таяуда денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев әділет министрі Рашид Түсіпбековпен келіссөздер жүргізбек.
XS
SM
MD
LG