Accessibility links

Әл-Қаиданың Ирақтағы жетекшісі тұтқындалды


Ирақта орын алған 2 жанкештілік шабуылдан кемінде 70 адам опат болды, ал бұл екі арада әскерилер Ирақтағы Әл-Қаида жетекшісі қамауға алынды деп хабарлады.

Бағдадтың солтүстік-шығысындағы Муқдадия қаласында орналасқан бір мейрамханада жарылыс болып, кемінде 45 адам қаза тапты, 55 адам жараланды. Сонымен қатар, Бағдадта полиция бекеті жанында орын алған жарылыстан 28 адам мерт болды.

Әскерилердің хабарлауынша, Әл-Қаиданың Ирақтағы жетекшісі Абу Омар әл-Бағдади тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG