Accessibility links

АҚШ Қазақстан президентін конференцияға шақырды


ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ Қазақстанның мемлекет басшысын ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.

Бейсенбі күні АҚШ-тың бастамасы бойынша ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ вице-президенті Джозеф Байден телефон арқылы сөйлесіп, Дж.Байден АҚШ президентінің атынан Азияның өркендеуінде қосқан Қазақстанның рөлі үшін алғыс білдірді, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасө қызметі. Сондай-ақ, вице-президент АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Қазақстанның одан арғы табыстарына, мәселен ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жәрдем көрсететініне сендірді, делініп отыр.

Джозеф Байден АҚШ-тың жаңа басшылығының ядролық қаруды таратпау тәртібін жетілдіру мәселесіне басым көңіл бөлетіндігін атап өткен. Ол Қазақстанның одан әрі де осы үдеріске белсенді қатысатынына үміттенетінін айтып, Нұрсұлтан Назарбаевты Америка басшылығының бастамасы бойынша ұйымдастырылатын ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуға шақырған.
XS
SM
MD
LG