Accessibility links

Ресей Шешенстанның 3 ауданында лаңкестікке қарсы тәртіпті қайта енгізді


Ресмилердің айтуынша, шешен көтерілісшілері Шали, Шатой және Ведено аудандарында лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруды жоспарлауда. Ресей әскерилері осы айда аталған аудандарда көтерілісшілердің 10 базасын және 6 оқ-дәрі қоймаларын тапқан дейді ресмилер. Ресейдің лаңкестікке қарсы күрес комитеті Шешенстанда лаңкестік әрекеттерге қарсы салынған, 10 жылға созылған тәртіпті сәуірдің 16-да ғана алып тастаған еді.
XS
SM
MD
LG